Тоқаевтың айтуынша, экономикаға мемлекеттің араласуына да шектеу қойылады. Мұның нақты бір шекарасы анықталатын болады.
-Қиын-қыстау кездері мемлекет үнемі өзіне экономикалық өсімді қолдаудың жүктемесін алып келді. Экономиканың жүйелік бәсекеге қабілеттілігі жеке бизнес есебінен қалыптасатынын ұмытпау керек. Сондықтан экономикада мемлекеттің үлесін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің стандарттарына дейін жеткізу мақсаты қойылған болатын. Үкіметке 1 қыркүйекке дейін мемлекеттік компания үшін рұқсат етілген барлық қызметтің түріне ревизия жүргізуді және оларды қысқарту бойынша ұсыныс енгізуді тапсырамын, - деді Тоқаев.
Рейтинг газеті