Сайлаудан кейін девальвация болмайды...

Қысқаша

Әдетте сайлауға дейінгі өмір мен сайлаудан кейінгі өмірдің арасында біршама өзгеріс болады. Билік көп жағдайда маңызды өзгерістерді сайлаудан кейінге жоспарлайды.

сайлаудан кен.jpg

Сайлаудан кейін девальвация болады   деген әңгіменің де шеті шықты. Алайда Ұлттық банктің басшылығы мұны жоққа шығарып отыр. Аталған банк төрағасының орынбасары Олег Смоляковтың айтуынша,  бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша жарияланған төлем балансының статистикасы бойынша тауарлар мен қызметтердің айырбасы +800 миллион АҚШ долларын құрайды.

“Мәселен, өткен жылы бірінші тоқсанда - 900 миллион доллар болған. Негізі, төлем балансының тарихына қарасақ, бізде ағымдағы операциялардың “дефициттік есепшоты” жиі болады. Бұл дегеніміз елге келетін валютаға қарағанда ақша жұмсауымыз басым. Ал өткен жылдың төртінші тоқсанында +1,5 миллиард АҚШ доллары болды. Оған бірінші тоқсанның +800 миллионын қосыңыз, сонда таза 2,4 миллиард доллар елге келіп отыр. Ол кететін ақшадан көп. Бүгінде түрлі қауесеттер девальвация туралы әңгімені көбейтіп отыр. Ұлттық банк валютаның бағамын реттемейді. Біздің негізгі міндетіміз – инфляция. Оны проценттік мөлшерлеме арқылы реттеп отырамыз. Ал айырбас курсын реттеуге қатысты ешқандай міндетіміз жоқ”, - деді  орынбасар ақпарат құралдарына берген сұхбатында.

“Сайлаудан кейін девальвация бола ма?” деген сұраққа Смоляков: “Болмайды!”,-деп нық жауап берді.

Рейтинг газеті