Әбіләзовті тағы да сырттай соттауы мүмкін

Қысқаша

«БТА банк»-тің бұрынғы директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы, қазіргі уақыта шетелде бас сауғалып жүрген Мұхтар Әбіләзовтің ісі сотқа жолданды. Ресейдің Бас прокуратурасы осындай мәлімет таратты.

аблязов.jpg

Айыптау қорытындысына қарағанда, бұл іс бойынша Әбіләзовтен бөлек  аталған банктің тағы бір экс-басқарма төрағасы Роман Солодченко және оның қол астында істеген Артур Трофимов, Игоря Кононко, Татьяна Параскевич, Анатолия Ерещенко жауапқа тартылған. Оларға ұйымдасқан қылмыстық топ құру арқылы аса ірі көлемде алаяқтық жасады, қылмыстық жолмен табылған ақшаны заңдастырды және аса ірі көлемде зиян келтірді деген баптармен айыптар тағылған.

 

Тергеушілердің тұжырымына қарағанда, жоғарыда аталған азаматтар 2006-2009 жылдары «БТА Банк»-тің 58 миллиард рубль ақшасын жеп қойған. Әбіләзов ипотекалық келісімдердің күшін заңсыз жойған. Нәтижесінеде банк қарызды қайтару үшін талап арыз беру құқығына айырылған. Ал айыпталушылар кепілге қойылған мүліктерді өз қалауларынша пайдаланып, үшінші тұлғаларға сатып жіберген.

 

“Қазіргі уақытта айыпталушылар Ресей аумағынан тысқары жерлерде қашып жүр. Оларды қайтару жөніндегі талаптарға қарсылық білдірілді”,- делінген прокуратуаның мәлімдемесінде.

 

Бұған дейін Әбіләзовті Қазақстан соты осындай айыптаулармен ұзақ жылдарға соттағаны белгілі. Соңғы рет былтыр Жамбыл облыстық соты оны белгілі банкир Тәтішевті өлтіруге тапсырыс берді деген айып бойынша кінәлі деп тауып,  өмірлік бас бостандығынан айырған еді. Алайда Әбіләзов әлі де шетелде сайран салып жүр.

 

Ресей соты да қашқын банкирді сырттай соттай ма?

 

Рейтинг газеті