74 директор кабинетінен «айырылды»

Қысқаша

​Жамбылда «Артық алаңдарды тиімді пайдалану» бойынша 440 мектепке зерделеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 74 мектеп директорының аума¶тары 35-50 шаршы метрді құрайтын кабинеттері қысқартылды.

1405518859615_original.jpg

Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен жиында «Жамбыл - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Қайрат Меклисов баяндады. Босатылған 866 шаршы метр алаңдарға робототехника, сурет және ағылшын тілі сыныптары ашылады. Сондай-ақ, 17 мемлекеттік орган басшыларының демалыс бөлмелері анықталып, өзге қажетті мақсаттарға пайдалануға берілген. Ал, 5 мемлекеттік орган коммуналдық меншіктегі ғимаратқа орналастырылып, нәтижесінде 16 миллион теңге қаражат үнемделіпті. Басқосу барысында «Жамбыл - адалдық алаңы» жобасының тұрмыстық жемқорлықты жою және азаматтарға қолайлы орта құру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру блоктары бойынша атқарылған шаралар нәтижесі баяндалған.

  - Жоба аясында бүгінге дейін өңірде 174 «Адалдық дүкені» ашылса, оның екеуі жоғары оқу орнында, жетеуі колледж және 160-ы мектептерде орналасқан. Жобалық кеңсенің «Сенім жәшігі» акциясы аясында өңірдегі 3 жоғары оқу орны мен 19 техникалық және кәсіптік білім беру мекемесінің 3759 студенті арнайы сауалнамаға қатысты. Сауалнама қорытындысы бойынша 125 студент оқытушылардың атын атай отырып, олардың 2000-7000 теңге көлемінде сыйлық алатындығын жазып көрсеткен,-  деді Қайрат Меклисов. Бұл ғана емес, жобалық кеңсенің қатысуымен денсаулық сақтау саласында анықтамалар сату, жүргізуші куәлігін беру, жол белгілерін жою, техникалық байқау пункттеріндегі бірқатар заң бұзушылықтар да анықталған.

Рейтинг газеті