Шынайы оппозиционер

Қысқаша

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы алда өтетін президент сайлауына тағы да қатыспайды. Билікпен ымыраласпайды, нағыз оппозиция деген партия 2011 жылғы және 2015 жылғы президент сайлауынан да шет қалып еді. Бұл жолы да сол баяғы сылтауын алға тартып

maxresdefault-4-800x480.jpg

Партияның съезінде қатысушылардың сайлауға қатысты пікірлері екіге жарылды. Бір жақ сайлауға қатысып, партияны халыққа таныта беру қажет десе, келесі жақ мұны қолдамады.

 

“ЖСДП мұндай сайлауға қатысуды мағынасыз деп санайды, бұл фарсты заңдастырғысы келмейді және үміткер ұсынудан бас тартады”, делінген осы мәселеге қатысты съездің қабылдаған шешімінде. Мұның алдын партияның саяси кеңесі журналист Ермұрат Бапиды сайлауға үміткер ретінде ұсынған еді. Бірақ делегаттардың басым бөлігі сайлауға қатыспай, бойкот жариялауды қолдады. Құрылтай соңында партия жетекшісі болып Ермұрат Бапи сайланды.

 

Ал партияны бірнеше жылдан бері басқарып келе жатқан Жармахан Тұяқбай төрағалықтың тізгінін тапсырды. Жалпы Тұяқбайдың соңғы уақытта бар-жоғы белгісіз болып келгені рас. Тіпті ол туралы партиялас серіктерінің өздері «билікпен ауыз жаласты», «биліктің адамы» деген сөздерді айтатын.

 

Ақпарат құралдарына берген сұхбатында Балташ Тұрсымбаев   бұрынғы төрағаның  өзіне ұнамаған біраз шынайы оппозиция белсенділерін партия қатарына шығарып жібергенін айтып, Тұяқбайды  «биліктің адамы екендігі белгілі еді» деген мағынадағы пікір білдіріпті. 

 

Ал су жаңа төраға Ермұрат Бапи туралы әзірге пікір жақсы. ЖСДП мүшелері шынайы оппозициялық партияның басына шынайы оппозиционер келді деп отыр.

 

Кім біледі?

 

Рейтинг  газеті