5 канал, 7 ұңғыма...

Қысқаша

Климаты құрғақ, шөлді, жаз мезгілі ұзақ болатын облыс орталығын көгалдандыру үшін ең алдымен суландыру жүйесін жетілдіру керек. Жаздың аптап ыстығында егілген ағаштар мен гүлдер, шалғындарға су жеткізу өзекті мәселелердің бірі. Бұл туралы облыс әкімі Өмір

57536229_1061653560699923_4272062252590301184_o.jpg

Тапсырма бойынша қаланың бірнеше бағытынан келетін кіші каналдарды күрделі жөндеуден өткізіп, қала ішіндегі арықшаларға су тарту жоспарланған болатын. Нәтижесінде Қарашық өзенінен бастау алатын 5,2 шақырымды құрайтын Қотырбұлақ каналы тазаланып, 7 көпір орнатылды. Аталған каналдан қазіргі таңда 5-10 м3 су «Арыс – Түркістан» магистралды каналына құйылуда.


Сонымен қатар, қала аумағын суландыру мақсатында «Арыс – Түркістан» магистралды каналынан босатылатын кіші каналдар да іске қосылды. Атап айтқанда, ұзындығы 3,1 шақырым Р-32 каналы қалаға кіреберіс қақпаның төменгі жағындағы көшелерде бетондалған арықтарымен ағып, Саттарханов даңғылы бойындағы ағаштар суландырылуда. Ал, Р-32,2 каналы арқылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне қарасты ботаникалық бақтағы ағаштар су алып жатыр. Одан ары қарай қаланың ішкі көшелеріне су келтіруге болады. Сондай-ақ, ұзындығы 3 шақырымды құрайтын Р-33 каналы арқылы ағын су «Түркі бағы» және «Қаракөз» қорымы маңындағы егілген ағаштар суландырылуда.  Оған қоса Р-33,1 каналы арқылы Ғ.Мұратбаев көшесіндегі ирригациялық арықшаларға су босатылды. Ұзындығы 4,5 шақырымға жететін Р-34 каналы арқылы да Тәуке хан даңғылы мен С.Ерубаев көшелерін суландыруға толық мүмкіндік бар.


Қазыбек би көшесіндегі су ұңғымасына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, сағатына 25 м3 су тарататын құрылғы қойылды. Ирригациялық арықшалар арқылы Қазыбек би көшесі бойындағы ағаштарды суғару мәселесі шешілді. Бұған қоса, қаладағы қосымша 6 су ұңғымасы көше бойына егілген ағаштарды суландыру үшін іске қосылмақ.


Аталған каналдар арқылы қаладағы көшелерді суландыру мақсатында барлық арық-атыздарды тазалау, жөндеу бағытындағы жұмыстар қарқынды жалғасуда. Сонымен қатар, жуық арада негізгі көшелердегі (С.Қожанов, Тәукехан, Б.Саттарханов даңғылдары) ирригациялық арықшалар қалпына келтіріліп, ағын су жүйесі іске қосылады. Қала бойынша 17 көшеде 2016-2018 жылдары қайта қалпына келтірілген ұзындығы 70,2 шақырым құрайтын ирригациялық арықшалар бар. Сондай-ақ, ағымдағы жылы орталық аймақтың 47 көшесіне 54,1 шақырым арықшалар орнатылатын болады. Алдағы уақыттарда Рухани-мәдени орталықта, Әкімшілік іскерлік орталықта және іргелес жатқан аумақтағы көшелерде салынатын жолдардың бойына жобамен 100 шақырым арықшалар орнату қарастырылуда. Бұл жобалардың барлығы Түркістанның экологиясын оңалтып, климатын жақсарту үшін жасалатын оң қадамдар.

Рейтинг газеті