Инвестиция екі есе кеміді

Қысқаша

Қазақстанда соңғы екі жылда инвестиция ағыны құлдырап, екі есе кеміді. Бұл туралы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов аптаның алғашқы жұмыс күнінде өткен Ікімет отырысында мәлім етті.

20180918155811.jpg

  – Қазақстанда жалпы көрсеткіштің өсуіне қарамастан 2016 жылғы 8,5 млрд доллар таза инвестиция көлемі өткен жылы 3,8 млрд доллар болды, екі еседен аса азайып кеткен. Сондай-ақ, шикізаттық емес секторлардағы тікелей шетелдік инвестиция жалпы көлемнің үштен бір бөлігін ғана құрайтынын атап өту керек. Сондықтан, бізге сапалы инвестиция тарту үшін жаңа тиімді тетіктер құру аса маңызды, – деді Үкімет басшысының бірінші орынбасары.


  Смайыловтың сөзіне сүйенсек, бұған мемлекеттік органдар мен ұйымдар арасындағы іс-қимылдарды жалпы үйлестірудің болмауы басты себеп екен. Инвестициялық климатты қалыптастырумен министрліктер, ұлттық компаниялар, әкімдіктер және басқалар айналысады. Бірақ олардың арасында байланыс жоқ. Астана халықаралық қаржы орталығында жасалған құралдар пайдаланылмайды. Әлемдік инвестициялық қоғамдастық үшін түсінікті форматта ресімделген және ұсынылған тартымды жобалардың саны жеткіліксіз. Елдің инвестициялық имиджін шетелде ілгерілету жөніндегі жұмыс тиісті деңгейден әлі алыс.


  Министрдің айтуынша, сапалы инвестиция тарту мәселесін шешу үшін көршілеріміз бірталай жаңа қадам жасап жатыр. Өзбекстанда 2019 жылдың қаңтарында 1 млрд доллар капиталымен тікелей инвестициялар қоры құрылды. Қытай биыл 15 наурызда «Шетелдік инвестициялар туралы» жаңа Заң қабылдады. Ал, Ресейде бірнеше жыл бұрын тікелей инвестициялар қоры құрылған. Ал, біздің Ікімет күні кеше ғана, дәлірек айтқанда 19 сәуірде «Қазақстан Республикасына шетелдік инвестициялар тарту жөніндегі шараларды күшейту туралы» қаулы қабылдапты. Оны жүзеге асыру үшін Ікіметтің арнайы жұмыс тобы жұмыс істеп жатыр.

Рейтинг газеті