Депутат Қазақстандағы жастар ұйымдарының арнайы кеңесінде «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасында шетелдік инвесторлармен көп жұмыс істегенін атап айтып, сайлауға алаңдаулы екенін жасырған жоқ.
– Кәсіпкерлер де, инвесторлар да бір нәрсені ойлайды. Алдағы уақытта не болады? Президенттің орнына кім келеді? Қандай шешім қабылдайды? Қалай әрекет етеді? Бұндай сұрақтар жұмысты тежеп отырады. Сол себепті биыл маусым айында президенттік сайлауды өткізген дұрыс. Аталған шара көптеген сұрақтардың жауабын беріп, кәсіпкерлерге, инвесторларға, жалпы xалыққа алаңдамай жұмыс істеуге мүмкіндік береді, – деді Н.Әлтаев.
Оның айтуынша, бүгінде әлем Қазақстанды Орталық Азиядағы көшбасшы мемлекет ретінде жақсы біледі. Осы уақытқа дейін елімізде біраз реформалар жасалып, қыруар инвестициялар тартылды.
– Ендігі кезекте, осы көшбасшылықты, осы мәртебені сақтап қалу қажет. Сондықтан кезектен тыс президенттік сайлауды өткізу туралы шешім дер кезінде жасалып отыр, – деді депутат.
Рейтинг газеті