– Бұл қаражатты дұрыс бағытта жұмсап, игерген ауданға кейінгі жылы 2 млрд. теңге берілсе, ал игере алмаған аудандардың қаражаты керісінше қысқарып отырады. Осы арқылы ауданда атқарылған жұмыс нәтижесін аңғаруға болады, – деді Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев мәслихаттың кезекті сессиясында.
Сондай-ақ өңір басшысы облыс бюджетінің кіріс бөлігі тым аз екенін сынға алып, оны екі есеге ұлғайтуға кірісетіндігін жеткізді.
– Облыс 53 млрд. теңге ғана кіріс табуда. Менің ойымша, облыс кірісін 100 млрд. теңгеге дейін, яғни 2 есеге ұлғайтуға қабілетіміз жетеді. Сондықтан да бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту жөніндегі жұмысты жоспарлы түрде жүргізу қажет, – деді Ө.Шөкеев.
Рейтинг газеті