Сапарбаев ұлымен араласпай ма?

Қысқаша

Осы аптада Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаевтың ұлы Жансұлтан Сапарбаевтың Нұр-Сұлтан қаласында Есіл ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалғанын қазақстандық ақпараттық порталдар жарыса хабарлады. Тіпті әлеуметтік желіл

 2d312aff312994bcf77121b38d6fe421_crop_l_21_t_119_w_1238_h_697_resize_w__h_820.jpg

  – Ұлымның Қазақстанның азаматы ретінде өз құқығы бар. Бұл – оның таңдауы. Ол өздігінен шешім қабылдай алатын адам. Оған менің қатысым жоқ. Ондай әдетім де жоқ. Бұдан арғысы ұлымның өзіне байланысты. Егер жақсы жұмыс істесе,  мансабы жоғарылайды. Ол адал қызмет етуге міндетті, – деді Бердібек Сапарбаев. 


  Министрдің ұлынан елге адал қызмет етуді талап ету өте орынды. Дегенмен, «әкесінің қызметтік мансабына қатысы бар» деп ойламасын деді ме, «оған менің қатысым жоқ» деп сыр бермегені біртүрлі естілді. Қандай бала болса да әрекетін түсіндіріп, тіпті көлік алар болса да ой-пікірін әкесіне айтушы еді. Әйтеуір Сапарбаевтікі өзгеше болып тұр. Әйтпесе, ұлымның ісіне араласпаймын дегенге кім сенеді? Сонда Жансұлтан Ұлттық экономика министрінің кеңесшісі болатынын да әкесіне айтпаған ба? Елорданың Сарыарқа ауданы әкімі аппаратының жетекшісі болғанда ше? «Бәйтерек» холдингінде, «Қазақмыс» корпорациясында түрлі қызметтер атқарғанда да араласпаған ба?

Рейтинг газеті