Түркістан жасыл қалаға айналады

Қысқаша

Түркістан қаласын дамыту бойынша жүйелі түрде жұмыстар атқарылуда. Қарқынды жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарымен қатар, көріктендіру, жасыл қалаға айналдыру бағытында да жұмыс қызу. Қала әкімі Әліпбек Өсербаевтың мәлімдеуінше, облыс орталығы аумағында

 

 Осыған сәйкес, негізгі көшелер бойынан жалпы аумағы 172,2  гектар болатын қолайлы жерлер анықталған. Бүгінде сол аумақтардағы 148 түрлі бағыттағы нысанды мемлекет мұқтаждығына алу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, қаладағы ғимараттардың қоршаулары мен жол бойындағы темір шарбақтар алып тасталады. Қала орталығындағы базарларды сыртқа шығару бойынша да тиісті жұмыстар жүргізілуде. Осы мақсатта қала сыртынан жалпы көлемі 25 гектар болатын жер телімі анықталған. Базарларға ұсынылатын жерлердің инфрақұрылымын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттамаларды дайындау үшін жергілікті бюджеттен қаржы қаралған. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасы бойынша Түркістан қаласында 10 шағын футбол алаңы мен 10 теннис корты салынуы тиіс. Одан бөлек, ипподром мен мұз сарайы, опера театры бой көтеруі қажет.


  Ал қаланы жасыл аймаққа айналдыру мақсатында әлемдегі ең жылдам өсетін павлония ағашы егіле бастады. Қазір 10 мың түп ағаш қаланың кіреберіс аумағында отырғызылуда. Әлемдегі ең жылдам өсетін жапырақты ағаш 3 жылда 15 метрге дейін  өседі екен. Бұл 7-8 жылда 22-25 метрге дейін биіктейді деген сөз. Жапырақтары үлкен, әсіресе бірінші жылда, бір гектардан 1200 тоннаға дейін көмір қышқыл газының сіңірілуін қамтамасыз етеді. Үшінші жылдан бастап мамырдың басы мен маусымның ортасына дейін гүлдейді. Жалпы, биыл қаланың барлық аумағын қамтып, 100 мың түп көшет отырғызу жоспарланған. Бұл көшеттердің денін шөлге төзімді жиде, қара ағаш, емен тайланд және жеміс ағаштарының түрлері құрайды. Сондай-ақ Түркістан қаласын дамытудың Бас жоспарының жобасында қала айналасында жасыл белдеу құруға 7700 гектар жер белгіленген. Аталған аумақты біркелкі орманға айналдыру мақсатында кезең-кезеңімен жұмыстар жүргізілетін болады. Атап айтқанда, жасыл белдеудің 2019 жылы 2000 гектар жерін игеру жоспарланып отыр. Ал бүгінде 488  гектар жерге 203 496 көшет (қарағаш, бадам, өрік, терек, жиде) егілген. Сонымен қатар, екінші кезең бойынша Арыс – Түркістан каналы бойындағы жерлерді жаппай жырту және ағаш көшеттерін егу жұмыстары жүргізілуде.  Алдағы уақытта жасыл белдеуге егілетін көшеттерді өндіру мақсатында 300 гектар жерге тұқымбақ ашып, оның 30 гектар аумағына ағаш тұқымдарын себу және 1212 гектар жерді жыртып, 100 гектарына ағаш көшеттерін егу  жұмыстары атқарылмақ. Осылайша Түркістанды жасыл желекпен көмкеру қызу жүруде.


  Түркістанның кірес беріс қақпасын қаламен жалғап жатқан, ұзындығы 5 шақырым Бекзат Саттарханов даңғылы 6 жолақты етіп кеңейтілетін болады. Наурыздың аяғында басталған жолды кеңейту жұмыстары екі кезең бойынша жүргізіледі. Бірінші кезеңде 3 шақырым жол кеңейтіліп, шілде айының соңында пайдалануға беріледі. Ал екінші кезеңде қалған 2 шақырымы кеңейтіледі. Бұл жұмыстардың барысында жолдың ені 18 метрді құрайтын болады. Осыған сәйкес даңғыл бойындағы, бірнеше кәсіпкерлік нысан мен тұрғын үйлердің жерлері мемлекет мұқтаждығы үшін алынады.

Рейтинг газеті