Қазақстанда “Hyundaі” шығады

Қысқаша

Индустрияландыру бағдарламасының екінші бесжылдығы іске асырылған 4 жылда (2015 жылдан 2018 жылға дейін) жалпы сомасы шамамен 4,9 трлн. теңге болатын 480 жоба іске қосылып, 44 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылды. Бұл жөнінде Индустрияландыру бағдарлам

car15649.jpg

Министрдің мәліметінше, есепті кезеңде жалпы ішкі өнімдегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі 10,1 пайыздан 11,6 пайызға дейін, саладағы жұмыспен қамтылғандар үлесі 6,6 пайыздан 6,9 пайызға дейін өскен. Бағдарламаның барлық мақсатты индикаторлары бойынша оң нәтижеге қол жеткізілді.


   – Өткен жылы Индустриалдандыру картасы аясында жалпы сомасы 1,3 трлн. теңгеге жуықтайтын 102 жоба іске қосылып,13,3 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны құрылды. Биыл біз өңдеу өнеркәсібінің өсімін 104 пайызға жеткізуіміз керек. Бұл үшін өндіріс көлемін арттыру және жетекшілік ететін салаларда жұмыс орындарын сақтау шаралары қабылданатын болады. Жалпы сомасы 1,1 трлн. теңге болатын 120-ға жуық жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Онда 20 мың тұрақты жұмыс орны құрылады, – деді Роман Скляр.


  Министрлік іске асыратын Қазақстан-Қытай жобалары да (жалпы сомасы 22,8 миллиард доллларды құрайтын 32 жоба) өңдеу өнеркәсібінің өсімін қамтамасыз етуге үлес қосады. 


  – Машина жасауда автокөлік құралдары өндірісін 32 мың бірліктен 60 мың бірлікке дейін арттыруды жоспарлап отырмыз. Өнеркәсіптік кооперация аясында біз үшін Еуразиялық одақ нарықтары басымдыққа ие. Биыл “Hyundaі“ маркалы жеңіл автокөлік өндіретін зауыт құрылысын бастаймыз. «КамАЗ» көпшілік акционерлік қоғамымен бірлескен өнеркәсіп құрылады. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының компоненттерін өндіретін технологияларды беретін «Кировец» зауытымен одан әрі ынтымақтасу жоспарланған, – деп хабарлады министр.