Бұл туралы шешім Жамбыл облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХХХІІІ сессиясында қабылданды. Ұсыныс Астанаға жолданды.
Сессияны облыстық мәслихаттың хатшысы Бағлан Қарашолақов жүргізіп отырды. Мұндай ұсыныс Тараз қаласы әкімдігі мен мәслихатының бірлескен шешімі негізінде жолданған. Бірлескен шешім облыстық Қоғамдық Кеңеспен келісілді.
Нұрсұлтан Назарбаев көшесі 6 шақырымды құрайды. Жаңа даңғылдың бойында тұңғыш Президент саябағы, «Мәңгілік ел» монументі, Қ.Рысқұлбеков атындағы саябақ, орталық «Достық» алаңы, облыстық қазақ драма театры, орталық мешіт және тағы басқа бірқатар маңызды нысандар орналасқан.
Халық қалаулылары Төле бидің атын да ескерусіз қалдырған жоқ. Ташкент көшесі алдағы уақытта ұлы бидің атымен қайта аталатын болды.
Рейтинг газеті