«Мұрагер» операциясы басталды ма?

Қысқаша

Тәжікстан билігі 2020 жылға белгіленген президент сайлауында «президент Эмомали Рахмонның ұлын қолдайсың!» деп қысым жасады. Тәжікстанда тыйым салынған «24 тобы» оппозициялық қозғалысының мүшесі, белгілі тәжік оппозиционері Шарофиддин Гадоев Амстердамда «

   тажикистан.jpg

  Ол ақпан айында Ресейде ұсталып, Тәжікстанға депортацияланған. Құқық қорғаушылардың араласуынан кейін Гадоев Еуропаға кетті. Бұған дейін Нидерланды оған босқын мәртебесін берген болатын.


  – Олар мені Тәжікстанға келіп, кейінірек президент Рахмон мен оның ұлы Рустам Эмомалидің саясатын қолдаған «24 тобының» 17 мүшесіне жетекші еткісі келді, – дейді Ш.Гадоев. Оның айтуынша, мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Саймумин Ятимовтан «Рустам Эмомали 2020 жылғы сайлауға қатысады және  сіз оны қолдайсыз» деген талап қойылған.


  Рустам Эмомали қазіргі уақытта Душанбенің мэрі қызметін атқарады. Ал Эмомали Рахмон соңғы рет президент сайлауына 2013 жылы қатысып, 83 пайыз дауыспен жеңіске жеткен еді. Тәжікстанда президент жеті жылға сайланады. Келесі президент сайлауы келер жылға белгіленген. Биыл жасы 67-ге келетін үлкен Эмомали бұл додада бақ сынай ма әлде мұрагеріне жол бере ме, бұл жағы әлі белгісіз. 

Рейтинг газеті