Өзбекстанның марқұм болып кеткен бұрынғы президенті Ислам Каримовтың қызы Гүлнар Каримова түрмедегі ауыр азапқа шыдай алмай өз-өзіне қол салды. 7 наурызда кейбір ақпарат құраларында осындай мәліметтер пайда болды. Алайда Өзбекстанның Бас прокуратурасы мұны жоққа шығарды.
«Ешқандай да суицид немесе оны жасауға қатысты әрекет орын алған жоқ. Гүлнар Каримова қазір заңға сәйкес жазасын өтеп жатыр», – делінген құзырлы органның ресми мәлімдемесінде.
Бұған дейін Гүлнар Каримова үйқамақтан жалпы режимдегі колонияға ауыстырылған еді. Оған Каримованың жазаны үйқамақта өтеу тәртібін бұзуы себеп болған.
Рейтинг газеті