Жылқыбаев Сапарбаевтың командасындағы ең сенімді кадрларының бірі саналады. Бердібек Машбекұлы Шығыс Қазақстанға әкім болған кезде Жылқыбаев оның аппаратына жетекшілік етті. Осыдан кейін Ержан Жұматұлы Президент әкімшілігінде мемлекеттік инспектор қызметін атқарған. 2016 жылдың мамырынан бергі аралықта ол Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі лауазымын атқарған.
Сапарбаев министр бола салысымен өзінің сенімді кадрын өзіне орынбасар етіп алды.
Ержан Жылқыбаев 1982 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын 2003 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Экономика департаментінің бас маманы болып бастаған. 2006 жылы ол Премьер-министр Кеңсесінің бас сарапшысы болып тағайындалған.
Рейтинг газеті