Шәмшидинова күрделі өзгеріс жасамайды

Қысқаша

Қазақстанның білім беру реформасында үш тілде білім беру жалғаса береді. Мұны Президенттің өзі де жуырда мәлім еткен болатын. Тек Елбасы бұған асықпай, бірте-бірте көшу қажеттігін ескертті. Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинованың ендігі бағыты д

 1519964883_article_b_1500_.jpeg 

 – Әр министр өз реформасын енгізбейді. Жалпы мемлекетімізде білім саясатына қатысты қалыптасқан шаралар бар. Міне, біз осы шараларды енгіземіз. Бірақ, әр министр кейбір мәселелерде асығуы немесе кей мәселелерді тежеуі, кейбір мәселелерді өз тұрғысынан қарауы мүмкін, – деді министр ақпарат құралдары өкілдеріне берген сұхбатында.

К.Шәмшидинованың айтуынша, келесі жылы жаңа білім бағдарламасы қабылданады.

  – Қазақстанның білім бағдарламасы биыл аяқталып, келесі жылға жаңа білім бағдарламасы қабылданады. Бірақ, жаңа білім бағдарламасы аясында үлкен күрделі өзгерістер туралы әңгіме айтылып отырған жоқ. Біз басталған шаруаны өз биігіне шығаруымыз керек, – деді министр. Яғни, министр анау айтқандай үлкен өзгерістер жасамайды. Бұрынғы жұмысты жалғастыра береді.

Журналистердің «министрлік Сағадиевтің саясатын жалғастырады деп айта аламыз ба?» деген сұрағына Шәмшидинова:  «Біз Сағадиевтің саясатын емес, мемлекеттің білім саласындағы саясатын жалғастырамыз», деп жауап берген. Сонымен бірге білім саласының төмен жалақы алатын қызметкерлерінің жалақысын 30 пайызға көтеру мәселесі қаралып жатыр. Олар – еден жуушы, сантехник, электрик,  күзетші сынды  техникалық қызметкердің, сонымен қатар тәрбиеші, олардың көмекшісі, балабақшалар мен колледждердің психологтары.

  – Қазіргі таңда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп, қызметкерлердің санаттарын  және болашақта алатын жалақысын есептеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз, – деді министр кешегі Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Рейтинг газеті