Иманов отставкіге кетті ме?

Қысқаша

Елбасының келісімімен, Бас прокурордың 1 наурыздағы бұйрығымен Жамбыл облысының прокуроры болып, аға әділет кеңесшісі, Құсайынов Жарқын Қуанышұлы тағайындалды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

  2-7.jpg

 Ж.Құсайынов Алматы қаласында 1976 жылы туған.  Бас прокуратура кеңсесінен бастап, кейіннен жүйелі түрде әскери және Алматы қаласы прокуратура органдарында жұмыс атқарған. Прокуратура органдарындағы жұмыс өтілі 20 жылдан асады. Тағайындауға дейін Жамбыл облысы прокурорының  орынбасары болды.

  Ал Жамбыл облысының прокуроры қызметін бұған дейін Ибраһим Иманов атқарған. Ол бұл орынға 2017 жылдың тамызында тағайындалған болатын. Әдетте облыс прокурорлары өздерінің орындарында бес жыл отыратын еді. Имановтың өзі де 2012-2017 жыл аралығында бес жыл Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры болған. Бірақ, Жамбылдағы прокурорлық қызметі бар-жоғы бір жарым жылға созылды. Оның қандай қызметке тағайындалғаны жөнінде ақпарат әзірге жарияланған жоқ. Әлде... Биыл жасы алпысқа келген генерал прокуратурадағы карьерасын осыменен аяқтай ма?

Рейтинг газеті