Ендігі жетпегені шетелден мұғалім шақыру еді

Қысқаша

Кешегі күні «Нұр Отан» партиясының съезінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев үш тілділікті енгізудің қалай жүзеге асуы керектігін айтты.

ендиги жетпегени.jpg

- Білім саласындағы реформаны да логикалық нәтижелерге дейін жеткізу қажет. Қазіргі заманғы шындық біздің балаларымызда жаңа дағдылар мен құзыреттерді дамытуды талап етеді. Мен үш тілділік біртіндеп нормаға айналуы тиістігін айтқан болатынмын. Біздің балаларымыз - олар жаһан балалары. Олар бүкіл әлемдік кеңістікте, үздік жоғары оқу орындарында білім алуда. Сондықтан қазақ, орыс және халықаралық ағылшын тілін білу маңызды. Алдымен педагогтарды дайындап алу қажет. Ағылшын тілін білетін физика, математика және химиядан сабақ беруге қабілетті педагогты қаншама оқыту қажет. Ал біздің министрлік ертеңнен бастап-ақ мұғалімдерге сабақ бере бастауды тапсырды. Үш айға курсқа шақырып, оқытасыңдар. Алайда кім үш айдың ішінде математиканы ағылшын тілінде үйрете алады? Бұған қоса, мол қаражат та жұмсалды. Шетелден мұғалімдерді шақырып, сабақ беруді бастаған жеңілірек болар ма еді. Сондықтан бұл мақсат пен міндет қала береді және министрлік бұл тұрғыда дұрыс бағытта болды. Жоғары оқу орындарына қатысты да дұрыс саясат жүргізе алды. Бірақ, мұның барлығы ақылға қонымды болуы әрі адамдарға неліктен, қашан қажет екендігі түсіндірілуі тиіс еді,- Мемлекет басшысы.

  Президент осы сөздерімен Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің қызметінен не үшін кеткеніне жауапты анық беріп кетті. Ендігі министр Күләш Шәмшидинова жұмысын шетелден ағылшын тілінде сабақ беретін мұғалім шақырудан бастамаса деңіз.

Рейтинг газеті