Әкім өлген адамға жер берген

Қысқаша

Ауыл әкімдерінің жер беруде жасаған заңсыздықтары кейінгі кездері жиілеп кеткен сияқты. Жерге қатысты заңнамалар, талаптар күшейтілді. Бәрібір ауыл әкімдері арасында жер беру жөніндегі шешімді арнайы комиссияның қорытындысы болмаса да өз бетінше шығаруды

images.jpg

Жер беруде Мақтаарал ауданындағы ауыл әкімдері тіптен масқара тірліктерге барған.  Прокуратура органдарының берген мәліметтеріне қарағанда, ауыл әкімдері жерді тіпті Өзбекстанның азаматына да беріп жіберген. Заңның аты заң, талаптың аты талап. Оған мойынұсынбаса, ертең ауыл әкімдері жерді Қытайдан, Ауғанстаннан келген келімсектерге беріп жібермесіне кім кепіл бола алады? Сол Мақтааралда Нұрлыбаев ауылдық округінің әкімі  екі жыл бұрын қайтыс болып кеткен азаматқа жер беру жөнінде шешім шығарып беріпті. Жерді енді марқұмдарға беруге көшкен әкімдерден бәрін күтуге болады. 

   Нақтырақ айтар болсақ, Мақтаарал аудандық прокуратурасының анықтауынша, аталған ауылдық округтің әкімі Ағабек Абдиев 2017 жылдың 26 сәуірінде №18 шешімімен 2015 жылы қайтыс болып кеткен бір тұрғынға Өнімкер елді мекенінен жалпы аумағы 2483,7 шаршы метрді құрайтын  жер учаскесіне тұрғын үй және қосалқы шаруашылық жүргізу үшін жеке меншік құқығын табыс еткен. Өткен аптаның жұмасында осы мәселе Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысындағы Әдеп жөніндегі кеңестің отырысында қаралды. Ауыл әкімі өзінің бұл әрекетін техникалық қателік деп атады. Алайда бұған сенуге болады ма? 

   Ауыл әкімінің ісімен енді құзырлы органдар айналысады.

 Рейтинг газеті