Сейітжановтың тасы өрге домалап тұр

Қысқаша

Осыдан бір жыл бұрын президенттің немере інісі Қайрат Сатыбалдымен құда болып, немересінің үйлену тойына пәлен жүз мың долларлық торт пісіртіп, елді еріксіз таңдандырған, танымал бизнесмен, облыстық мәслихаттың депутаты Серікжан Сейітжанов «Жыл бизнесм

70fc975c42d084dcc236983b613e44c8-small.jpg

Танымал журнал бұл атақты неге басқа емес Сейітжановқа берді. Журналдың жазуынша, Сейітжановтар әулетінің бизнесі жылдан жылға өркен жайып, сан салаға еніп келеді. Оның иелігінде «Саутс ойл» мұнай компаниясы, «МұнайҚұрылысСервис» құрылыс компаниясы, бұлардан бөлек алтын, цемент, химия кәсіпорындары бар.  2018 жылғы рейтингте  Серікжан Сейітжанов Қазақстандағы ең бай деген 50 бизнесменнің тізімінде 17-орын алды. Оның дәулеті 331 миллион долларды құрайды.

Сейітжановтар әулетінің Шымкентте «Риксос Хадиша» қонақ үйі бар. Тағы бір осындай таңдай қақтырарлық қонақ үйді Түркістанда салып жатыр.  С.Сейітжанов бұған дейін Шымкенттегі Мұз сарайын сатып алған. Оңтүстік Қазақстан медицина академиясын да алыпты деген әңгімелер тараған. Ал енді жуырда оның мегаполистегі ірі аурухананы сатып алғаны туралы ақпарат тарады. Мұның қаншалықты, рас-өтірігіне, анық-қанығына алдағы кезде кеңінен тоқталатын боламыз.