Алатауды көрдің бе?!

Қысқаша

20-25 адамға арналған үлкен зал,

image.png

Оңтүстікте жаз маусымы ұзақ әрі ыстық болады. Аптап ыстықта адамдар тауға сая іздеп келеді. Ал мұндай туризмнің бағытына Төлеби ауданы өте қолайлы аймақ. Себебі жазда мұнда салқын болады. Әрі демалушылар әсем табиғат аясында демалуға мүмкіндік болады. Осындай керемет нысанның бірі таудың етегінде орналасқан “AlaTau” демалыс орны.  Жанға жайлы коттеджге аялдап, салқын бассейнге түсіп, кәуәп жасап, достарыңызбен бильярд ойнап, отбасыңызбен моншаға тусіп, балаларыныз су жаңа ойын ауласында ойнап, кешкісін салқын самалмен тапшанда жатқанға не жетсін! Демалыс орны таудын етегінде орналасқан, жасыл аула әрі үлкен жабық территория! 

image.png

Коттеджге 10-15 адамға дейін сыяды. Ішінде 3 үлкен кереует қойылған екі жатын бөлмесі,  20-25 адамға арналған үлкен зал, ас бөлме және жазғы ас бөлмесі орналасқан.  Аулада Wi Fi жұмыс істейді.

Қаланың у-шуынан ығысуға таптырмас Біркөлік шатқалында  атпен серуендеуге болады. Сонымен қатар салауаттылық үшін қымыз, шұбат ұсынылады.  Саф ауа, ашық аспандар мерекеңізді тойлаймын десеңіз, барлық жағдай қарастырылған. Кәсіби музыканттар барлық мерекеңіздің сәнін келтіреді. 

image.png