Талайға арман болған Біркөлік шатқалы! Осы бір табиғаттың тамаша жаратылысын Төлеби ауданына Тәңірім бере салған. Бұл сыйды жергілікті әкімдік те пайдаға жаратып, бүгінде туристердің сүйікті орнына айналдыра білді. Шатқалда бүгінде заманауи демалыс орындары көптеп ашылуда. Солардың бірі "Хан" демалыс аймағында жаныңа керектігінің барлығын табуға болады.
Шатқал етегіндегі нысанда:
- Қос қабатты коттедж
- Бассейн
- Тапшан
- Монша
Коттедждердің бағасы қолжетімді , есесіне барлық жағдайы қарастырылған: екі жатын бөлме, холл, қонақ бөлмесі, ас бөлме және душ бар. Коттедж ауласындағы жазғы тапшанда тынығып қана қоймай, отбасымен бірге табиғатты тамашалауға болады. Сонымен қатар аулада кәуап, қазан кебаб, қуырдақ, палау секілді ас әзірлеуге қажетті қазан, ошақ, мангал тағы да басқа қажетті құралдар бар. Қу тіршіліктен қашып, і, «Ханға» келіңіз!