Ауылшаруашылығы дамыған Төлеби ауданында соңғы жылдары туризм саласы қарқынды дамуда. Қазір ауданда 85 туристік нысан бар. Жақында тағы бір туристік нысан келушілерге қызмет көрсететін болады. Нақтырақ айтсақ Алатау ауылдық округінде құны 70 млн теңгені құрайтын «Әсемай-Біркөлік» шипажайын ашу жоспарлануда, 10 жаңа жұмыс орны ашылатын болады.
Ия, Төлеби ауданы тұмса табиғатымен ғана емес туристерге қызмет көрсететін нысандардың көптігімен де мақтана алады. Солардың бірі Шаһин демалыс аймағы.
Тау бөктерінде орналасқан аймақта заманауи үлгіде салынған, хан сарайынан кем түспейтін эксклюзивті, үлкен коттедж бар. Коттедждің ішінде жаныңа кееректінің бәрі табылады. Ал демалыс аймағының ауласында бассейн, сауна, үлкен тапшандар орнатылған. Мұнда мерекелік жиын, тойларды өткізуге арналған зал жасақталған. Ал кәсіби мамандар мерекенізді жоғары деңгейде өткізуге ат салысады.
Табиғат аясында ас дайындау бір ғанибет емес пе? Бұл үшін қажетті құрал, ыдыстардың барлығы да бар.