Бүгінгі таңда елімізде коронавирустық инфекцияның 79 жағдайы расталды. 2020 жылдың 25 наурызында сағат 09: 40-та Нұр-Сұлтан қаласында коронавирустық инфекцияның тағы бес, Алматыда екі жағдайы тіркелді, деп хабарлайды zakon.kz.
Бүгінгі таңда елімізде коронавирустық инфекцияның 79 жағдайы расталды, оның ішінде:
Нұр Сұлтанда - 41,
Алматыда - 31,
Қарағандыда - 2,
Алматы облысында - 1,
Ақтөбе облысы - 1,
Шымкент қаласында - 1,
Жамбыл облысында - 1,
Солтүстік Қазақстан облысында - 1 жағдай.