"Дін және жастар" тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Қысқаша

"Дін мәселелерін зерттеу орталығы" мемлекеттік комуналдық мекемесі Мақтарал аудандық бөлімі мамандары Д. Аманов және М. Салиходжаев бірлесе отырып, Бірлік ауылдық округінде орналасқан "Бірлік" мешіті жамағатымен жүздесті

8.jpg"Дін мәселелерін зерттеу орталығы" мемлекеттік комуналдық мекемесі Мақтарал аудандық бөлімі мамандары Д. Аманов және М. Салиходжаев бірлесе отырып,  Бірлік ауылдық округінде орналасқан "Бірлік" мешіті жамағатымен жүздесті. Маман Д. Аманов ауданда ашылған орталық бөлімінің жұмысымен таныстырып, құрылудағы мақсатын айқындап берсе, М. Салиходжаев:Дін мәселесінің күрделі екендігін және мұнда арнайы мамандарға жүгіну тиістілігін айтып, "Дін және жастар" тақырыбында түсіндірме жұмыстарын атқарды. 

Қазір өңірдегі жастардың саяси, біліми сауаты жоғары. Көзі ашық. Ақиқатты білгісі келеді. Бірақ, «діни экстремизм, терроризм, уаххабизм, сәләфизм» деген сөздер жиі айтылуда. Мұның бәрі құр адасушылықтан. Ал, адасушылық діни сауатсыздықтан туындайды. Елбасымыз Н.Назарбаев журналистерге берген «Ислам – бейбітшілік діні» тақырыбындағы сұхбатында: «Терроризм, экстремизм деген мәселе ХХ ғасыр мен ХХІ ғасырдың басында шықты. Бірақ оны исламға апарып жабыстырудың ешқандай қисыны жоқ. Ислам бейбітшілікті қалайды, ал «ислам терроризмі» деп аталып жүрген нәрсенің діни де, ұлттық та белгісі жоқ» деп атап өткен еді.  

Әлемдік діндердің ішіндегі тазалықты дәріптейтін - Ислам діні. Ол адамның абыройы мен ар-ожданын жоғары қойып, әділдік пен бейбітшілікті ту ететін дін. 

Кездесу соңында орталықтан шыққан арнайы Бала тәрбиесі және діни бүліктер кітапшасы таратылды.