Ақ жолды интернеттен емес, айналаңнан ізде

Қысқаша

Бүгін Сайрам ауданының Манкент ауыл округінде ауыл тұрғындармен жастармен кездесу болып өтті.

7.jpgБүгін Сайрам ауданының Манкент ауыл округінде ауыл тұрғындармен жастармен кездесу болып өтті. Кездесуде Дін мәселелерін зерттеу орталығы Сайрам аудандық бөлімінің маманы  маманы А. Тәжібаев "Интернеттегі діни ағымдар" тақырыбы бойынша жиналған жамағатқа түсініктеме берді. Жастардың діни ақпарат аларда жат ағымдардың зияны тиіп кетуі мүмкін екенін айтып, діни ақпарат аларда теолог маманнан болмаса, Қазақстан мұсылмандар діни басқармасына қарасты жергілікті имамдардан алып, сақ болуға шақырды. 

Қазір «діни экстремизм, терроризм, уаххабизм, сәләфизм» деген сөздер жиі айтылуда. Мұның бәрі құр адасушылықтан. Ал, адасушылық діни сауатсыздықтан туындайды. Елбасымыз Н.Назарбаев журналистерге берген «Ислам – бейбітшілік діні» атты сұхбатында: «Терроризм, экстремизм деген мәселе ХХ ғасыр мен ХХІ ғасырдың басында шықты. Бірақ оны исламға апарып жабыстырудың ешқандай қисыны жоқ. Ислам бейбітшілікті қалайды, ал «ислам терроризмі» деп аталып жүрген нәрсенің діни де, ұлттық та белгісі жоқ» деп атап өткен еді.  

Әлемдік діндердің ішіндегі тазалықты дәріптейтін - Ислам діні. Ол адамның абыройы мен ар-ожданын жоғары қойып, әділдік пен бейбітшілікті ту ететін дін. 

Дін маманы жастарды осындай жағдайларды біліп жүруге шақырды.