«Деструктивті керағар діни ағымдарның алдын алу» тақырыбында жалпы кездесу өтті

Қысқаша

Базар – қала тұрғындарының көп жиналатын орны. Бірі тауар сатып алуға келсе, енді бірі осында жиналған халықпен пікір алмасу, әңгімелескенді жөн көреді.

9.jpgБазар – қала тұрғындарының көп жиналатын орны. Бірі тауар сатып алуға келсе, енді бірі осында жиналған халықпен пікір алмасу, әңгімелескенді жөн көреді. Мұнда қайнап жатқан өмір. Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Самал базары сатушылары және қызметкерлерімен «Деструктивті керағар діни ағымдарның алдын алу» тақырыбында жалпы кездесу өтті. Кездесуге Облыстық дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің дінтанушы маманы Д.Баққараев қатысты. 

Қазақстан Республикасында терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу, болдырмау үшін мемлекет тарапынан заңдық тұрғыдан негіз жасалынған. Құқық қорғау органдары жоғары деңгейде терроризм мен экстремизмнің барлық көріністерін енді бой көрсетпек болған кезінде тоқтатуға қауқарлы және солай істеп келеді де. Кездесудің негізгі мақсаты халыққа діни тұрақтылықты қамтамасыз ету барысында дұрыс ақпарат беру және түсіндірме жұмыстарын жүргізу, теріс пиғылды ағымдардың алдын алу. Баяндама барысында экстремизм мен терроризмнің шығу тарихы мен әлемдегі зияндылық жайлы нақты мысалдармен түсіндірілді.