Керағар діни ағымдар - қоғам дерті

Қысқаша

Дін – мемлекеттің негізін құраушы ең маңызды факторлардың бірі болғандықтан,

6.jpgДін – мемлекеттің негізін құраушы ең маңызды факторлардың бірі болғандықтан, ішкі тұрақтылықтың да кепілі. Еліміздегі ортақ ауызбіршілік, елжандылық, адамды сүю, бейбітшілік пен тыныштық – дәстүрлі діндердің басты ұстанымы, ал ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіретін жат ағымдардан бойымызды аулақ ұстап, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелегеннен ұтылмасымыз анық. 

Дін мәселелерін зерттеу орталығы Жетісай аудандық бөлімі маманы Д. Аманов Мақтарал ауданы Фердоуси ауылындағы "Молла Исмайыл" мешіті жамағатымен кездесу өткізді. "Керағар діни ағымдар- қоғам дерті" тақырыбында насихат жасалынды. Сонымен қатар маман М. Салиходжаев "ел бірлігі" тақырыбында үгіт насихат жұмыстарын жасап, жиын соңында "Бала тəрбиесі жəне діни бүліктер" атты кітапша таратылды . Жергілікті жамағат мұндай кездесулердің маңызы зор екенін айтады. Өйткені, соңғы кездері өмірдің мәнін іздеген жастар шынайы ілім білім мен теріс жолға тартып кететін ағымдардың ара жігін ажырата алмай, қақпанға түсіп қалып жатқан жағдайлары бар. Соны болдырмас үшін, осындай әңгіме жүргізіп тұруды ұсынды.