Дінді түсіндіретін кітаптар таратылды

Қысқаша

Дін мәселелерін зерттеу орталығы Жетісай аудандық бөлімінің маманы Д. Аманов Мақтарал ауданы Өргебас ауылындағы мешіт жамағатымен кездесу өткізді. Көкейдегі көп мәселе тартқатылып, емін-еркін әңгіме болды.

5.jpgДін мәселелерін зерттеу орталығы Жетісай аудандық бөлімінің  маманы Д. Аманов Мақтарал ауданы Өргебас ауылындағы мешіт жамағатымен кездесу өткізді. Көкейдегі көп мәселе тартқатылып, емін-еркін әңгіме болды. 

Мәнін түсінген адамға Ислам діні тазалықты дәріптейтін дін. Ол адамның абыройы мен ар-ожданын жоғары қойып, әділдік пен бейбітшілікті ту ететін дін. Бейбіт қарым-қатынаста тіршілік етіп, тыныштықта тату-тәтті өмір сүруді уағыздайтын бұл дін адамды мейірімділікке шақырады. Тек қана Ислам дінін емес, өзге де діндерді алып қарасақ, әлемде лаңкестікті, экстремизмді, соғысты жақтайтын діннің жоқ екеніне көз жеткізуге болады. Елбасымыз Н.Назарбаев журналистерге берген «Ислам – бейбітшілік діні» атты сұхбатында: «Терроризм, экстремизм деген мәселе ХХ ғасыр мен ХХІ ғасырдың басында шықты. Бірақ оны исламға апарып жабыстырудың ешқандай қисыны жоқ. Ислам бейбітшілікті қалайды, ал «ислам терроризмі» деп аталып жүрген нәрсенің діни де, ұлттық та белгісі жоқ» деп атап өткен еді.  

Мешітте өткен түсіндірме жұмыстары барысында дін жəне отан тақырыбында сөз қозғалып жиһад ұғымы жайлы айтылды. Жиын соңында сұрақ жауаптар болып, маман М. Салиходжаев орталық тарапынан кітап таратты.