2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасымен таныстырды

Қысқаша

​«Нұр Отан» партиясының Арыс қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары И.Қалиев Арыс стансасындағы желілік ішкі істер бөлімінің жеке құрамымен кездесті.

«Нұр Отан» партиясының Арыс қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары И.Қалиев Арыс стансасындағы желілік ішкі істер бөлімінің жеке құрамымен кездесті.
 Арыс стансасындағы Желілік ішкі істер бөлімінің мәжіліс залында «Сыбайлас жемқорлық жоқ ел-өркендеуші ел» партиялық жобасы аясында ұйымдастырылған жиынның басты мақсаты - сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне атымен төзбеушілік ахуалын қалыптастыра отырып, бүкіл қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту, жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениетті, білім мен тәрбиені қалыптастыру, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті тудыру, халыққа биліктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылдап отрыған шаралары туралы ақпараттандыру.
Кездесуде «Нұр Отан» партиясы Арыс қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары И.Қалиев Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының, «Президенттің бес әлеуметтік бастамасының» және партияның «2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының» негізгі ережелерімен жеке құрамды таныстырды.