Сыбайлас жемқорлықпен күрес әрбір мемлекеттік қызметкердің міндеті

Қысқаша

​ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ел халқына Жолдауында ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тұрақтылыққа төнген қатер ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жалпыұлттық кешенді бағдарламаны дәйекті түрде жүзеге асырудың қажеттігін айтып, сыбайлас же

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ел халқына Жолдауында ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тұрақтылыққа төнген қатер ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жалпыұлттық кешенді бағдарламаны дәйекті түрде жүзеге асырудың қажеттігін айтып, сыбайлас жемқорлықпен күрес жалпы барша халықтың борышы екенін атап көрсеткен болатын. 
Жолдау жүктеген міндеттер бүгінде ел аумағында нәтижелі түрде іске асырылып келеді.  
Жуырда Мақтарал ауданында сыйбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары мен басқа да заң бұзушылықтарға ықпал ететін мән-жайларды жою жөнінде жиын өтті. 
Мақтарал ауданында аудан әкімі Ж.Бейсенбаевтың және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Мақтарал аймағы бойынша басқарма басшысы Н.Байжанның төрағалық еткен жиында аудан әкімінің орынбасарлары, қала, кент, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары қатысты.
Баяндама жасаған аудан әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы Б.Райымбеков жемқорлықты жоюға бағытталған іс-шараларды атап өтті. 
ҚР "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңының 6 бабына сәйкес, мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар сыйбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жасауға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеп-тексеруге, сыйбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы хабарлауға, сыйбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың салдарларын жоюға міндетті деп көрсетілгендігін атап өтті.
Ал, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Мақтарал аймағы бойынша басқарма басшысы Н.Байжан сыбайлас жемқорлықпен күрес әрбір мемлекеттік қызметкердің міндеті екенін түсіндіре отырып, аудандық дербес бөлім басшылары мен қала, кент, ауылдық округ әкімдері қол астындағы қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне тікелей жауапты болатындығын айтты. 
Жиынды қорытындылаған аудан басшысы Ж.Бейсенбаев әрбір мемлекеттік қызметкерлердің арасында сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту және мәдениетті қалыптастыру үшін жиналыстар мен іс-шараларды көптеп өткізуді аудандық дербес бөлім басшылары мен қала, кент, ауылдық округтердің әкімдеріне жүктеді.