Діни ахуалы тұрақты мемлекетте бейбітшілік, достық, бірлік орнайтыны, ол ұзаққа созылатыны белгілі. Әйтпесе, бүгінде діни терроризм, діни экстремизм сынды салдары ауыр теріс іс-әрекетер көбейіп кеткені жасырын емес. Сондықтан да діни ахуалды тұрақты ұстап тұру үшін нақты жоспармен еңбек еткен абзал.
Зайырлықтың негізгі принципі діни төзімділік болып табылады. Ол үшін әр түрлі діндер арасындағы бірлікті өз деңгейінде ұстау негізгі шарт. Дінді саясатқа айналдыратын экстремистік ниеттегі діни ағымдар пайда бола бастаған бүгінгі кезде, дінаралық татулықты мейлінше сақтау басты мақсаты екені белгілі.
Созақ ауданы, Құмкент ауылдық округі, Қызылкөл ауылындағы М.Әуезов атындағы мектепте «Мемлекеттің зайырлы принцитері» тақырыбында кездесу өтті. Онда аудандық орталық мешіттің бас имамы Мейрамбек Есіркеп мектеп оқушыларына еліміздің зайырлылық принциптері, деструктивті ағымдардан, сонымен қатар әлеуметтік интернет желілердегі теріс ақпараттардан сақтанудың жолдары жан-жақты түсіндірді.
Дәл осындай кездесу Жарты төбе ауылдық округы Құлыншақ Кемелұлы атындағы мектептің оқушыларымен де өткізілді.