Біздің міндет - халыққа қызмет

Қысқаша

​23 маусым - Мемлекеттік қызметшілер күнін мерекелеу және мемлекеттік қызмет органдарына 20 жыл толуын ұлықтау аясында Қазығұрт ауданында «Біздің міндет – халыққа қызмет!» тақырыбында ардагер мемлекеттік қызметшілер және жас мемлекеттік қызметшілер форумы

24.jpg23 маусым - Мемлекеттік қызметшілер күнін мерекелеу және мемлекеттік қызмет органдарына 20 жыл толуын ұлықтау аясында Қазығұрт ауданында «Біздің міндет – халыққа қызмет!» тақырыбында ардагер мемлекеттік қызметшілер және жас мемлекеттік қызметшілер форумы өтті. Мемлекеттік қызметте жүрген жас мамандар мен ардагер мемлекеттік қызметшілер арасында қарым-қатынас орнату, мемлекеттік қызметті дәріптеу және оның имиджін көтеру, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында өткен форумға аудан әкімі Т.Телғараевтың төрағалық етті. 
Жиынға ұзақ жылдар бойы мемлекеттік қызметін абыроймен атқарып, бүгінде құрметті зейнет демалысындағы ардагерлер, мемлекеттік қызметке келгеніне 1-3 жыл толған үлгілі жас мамандар қатысты. Шақырылған қонақтар мемлекеттік қызметке келу жолдарына, өз бастарынан өткен қиыншылықтар мен қызықты сәттеріне тоқталды. Жас мемлекеттік қызметшілер толғандырған сұрақтарына жауаптар алды, ардагерлердің ақыл-кеңестерін тыңдады. Халыққа адал қызмет көрсету қажеттігін айтты. Және ең бастысы, форум барысында сыбайлас жемқорлықтың зардабы жайлы кеңінен түсіндірілді.