Жамағатпен өткен жылы жүздесу

Қысқаша

«Дін мәселелерін зерттеу орталығы" мемлекеттік комуналдық мекемесі Жетісай аудандық бөлімінің маманы Даурен Аманов Мақтарал ауданы, Арайлы елді мекенінде орналасқан "Ар- Рахман" мешітінде болып қайтты. Мешіт жамағатымен жүздесіп, келуші жамағаттарға құ

25.jpg«Дін мәселелерін зерттеу орталығы" мемлекеттік комуналдық мекемесі Жетісай аудандық бөлімінің маманы Даурен Аманов Мақтарал ауданы, Арайлы елді мекенінде орналасқан "Ар- Рахман" мешітінде болып қайтты. Мешіт жамағатымен жүздесіп, келуші жамағаттарға құптан намазы алдында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 
Орта Азия елдерінде, Қазақстанмен шекарасына жақын мемлекеттерде дін мәселесі,  терроризм мен экстремизм өзектi тақырып болып тұр. Терiс пиғылды,  радикалды ағымдар мен секталардың құрбанына айналған қаншама жан бар. Ал, ол адамдар бiр отбасының мүшесi болып саналады. Қорытындысында бұндай жағдайға түскен жан отбасының күйреуiне себепшi болады. Сондықтан жастар арасында, жалпы қоғамда тұрақты түрде көптеген іс-шаралар өтуде.
Қазақстан Республикасында терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу, болдырмау үшін мемлекет тарапынан заңдық тұрғыдан негіз жасалынған. Құқық қорғау органдары жоғары деңгейде терроризм мен экстремизмнің барлық көріністерін енді бой көрсетпек болған кезінде тоқтатуға қауқарлы және солай істеп келеді де.
Жиын соңында сұрақ- жауаптар болып, мешіт қызметкерімен бірлесе алдағы уақыттарда көлемді жиындарда бас қосуға уағдаласты