«Электронды үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу» автоакциясы өтті

Қысқаша

​Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Оңтүсті

23.jpgҚазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы бірлесе отырып «Электронды үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу» тақырыбында автоакция өткізді.
Ондағы ой – қала тұрғындарына мемлекеттік қызметті электрондық портал арқылы алудың оңай әрі жеңіл екендігін насихаттау, тұрмыстық сыбайластықтың алдын алу. Автоакция барысында қаланың адам көп жиналатын жерлерінде кездесулер өткізіп, брошюролар мен Еgov жазуы бар брелоктар таратылды.
Аталған іс-шараға  Департамент және халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлері, Қоғамдық ұйым мүшелері, блогерлер,  еріктілер тобы, бұхаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Мемлекеттік қызмет түрлерін электронды портал арқылы алатын болса, қызмет алушы мен қызмет көрсететін адамның арасында тікелей байлданыс болмайды. Бұл тұрмыстық сыбайластыққа тосқауыл деген сөз.