Түркістан облысында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдар жәрмеңкесі өтті

Қысқаша

Елбасы белгілеген стратегиялық реформалардағы ең маңыздысы кәсіби және тиімді мемлекеттік аппаратты қалыптастыру болып табылады.

22.jpgЕлбасы белгілеген стратегиялық реформалардағы ең маңыздысы кәсіби және тиімді мемлекеттік аппаратты қалыптастыру болып табылады. Жастардың мемлекеттік басқарудағы үлесін күшейту, жастардың арасынан дарынды және білікті кадрларды даярлау мәселесі бірінші кезектегі міндет болып табылады.
Адам капиталын дамыту және персоналды кәсібилендіру сияқты мәселелер ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ОҚО бойынша департаменті басшысы Ә.Көмекбаев қатысуымен осы жылдың мамыр айында Венецияда өткен ЕҚЫҰ-ның Экономикалық және экологиялық форумында да талқыланды.
Осыған байланысты, бүгін Департамент облыс деңгейінде ОҚО әкімдігімен бірлесе облыстың 60-қа жуық мемлекеттік органдарының қатысуымен «Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдардың жәрмеңкесін» ұйымдастырды. Іс-шарада облыстағы жергілікті және аумақтық мемлекеттік мекемелердің, оның ішінде аудан, қала әкімі аппараттарының өкілдері бос лауазымдарын ұсынды.
Шараның негізгі мақсаты - мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру, облыстың жергілікті және аумақтық атқарушы органдарындағы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасу тәртібін жан-жақты түсіндіру, сондай-ақ өзінің біліктілігі мен қабілеттілігін, еңбекқорлығын көрсеткен әрбір азаматқа – мемлекеттік қызметтің мүмкіндіктерін таныстыру арқылы жастарды мемлекеттік қызметке тарта отырып, облыстағы жұмыссыздық деңгейін төмендету.
Жәрмеңкені департамент басшысы Әли Амантайұлы ашып берді.
Департамент мемлекеттік қызметке орналасуға ниет білдірген азаматтарға жәрменкені ұйымдастырып қана қоймай, алдағы уақытта жастар мен мемлекеттік органдар арасындағы тығыз байланысты орната отырып, олардың қызметке кіріскеніне дейін сүйемелдеуді көздеуде.
«Бос лауазымдар жәрмеңкесіне» облысымыздағы жоғарғы және орта оқу орындарының бітіруші түлектері, жасөспірімдер үйінің жастары және жұмыссыздық бойынша тіркеуде тұрған жоғары білімді азаматтар шақыртылған. 
Қазіргі таңда, облыста барлығы 575 мемлекеттік органда 8769 мемлекеттік лауазым бар. Аталмыш лауазымдарда 8412 мемлекеттік қызметші қызмет атқарса, 357 (4%) бос лауазым бар.
Сондай-ақ мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі және облысымыздағы бос лауазымдар туралы толық ақпаратпен www.kyzmet.gov.kz сілтемесі арқылы танысуға болады.