ОҚО-да «protecting business and investments» жобасы аясында инвесторлармен кездесу өтті

Қысқаша

​Бизнесті қорғау, қолайлы инвестициялық жағдай жасау және кәсіпкерлер үшін сыбайлас жемқорлық деректері бойынша қысымдарды төмендету ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің басымды бағыттарының бірі болып табылад

21.jpgБизнесті қорғау, қолайлы инвестициялық жағдай жасау және кәсіпкерлер үшін сыбайлас жемқорлық деректері бойынша қысымдарды төмендету ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің басымды бағыттарының бірі болып табылады
Осы орайда, 2018 жылдың 21 маусым күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің басшысы Ә.Көмекбаев оңтүстік өңіріндегі инвесторлармен тікелей жолықты. 
Кездесуде Агенттік бастамасымен іске асырылып жатқан «Инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте сүйемелдеу» жобасы, оның мақсаттары мен міндеттері таныстырылып, арнайы дайындалған слайдтар көрсетілді. 
Іс-шараға «KAZAKH INVEST» АҚ филиалының басшысы Д.Мамиров және өңірдегі инвесторлар қатысты.
Кездесу барысында отандық және шетелдік инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау, сондай-ақ олардың сенімін арттыру мәселелері талқыланып, инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және инвестициялық қызмет барысында пайда болатын проблемалық мәселелер айтылып, инвесторлардың пікірлері тыңдалды.
«Жобаның мақсаты - қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастырып, мемлекеттік билік институттарына бизнес пен инвесторлардың сенімін нығайту болып табылады. «Инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте сүйемелдеу» жобасы аясында «KAZAKH INVEST»-пен бірлесіп, барлық қолжетімді ресурстарды пайдалана отырып, бизнестік қауымдастық пен инвесторларды олардың қызметіне заңсыз араласудан қорғау үшін барлық мүмкіндікті жасайтын боламыз» - деді Департамент басшысы Ә.Көмекбаев. 
Сөз алған, Дәулетқожа Мамиров  ОҚО кәсіпкерлер палатасы ғимаратының 3 қабатында (Шымкент қаласы, Қонаев гүлзары,83/1)  шетелдік компаниялардың өкілдіктеріне жан-жақты қолдау көрсетіп, консультациялық көмектер беретін фронт офис ашылғандығын атап өтті. 
Департамент өңірдегі жас инвесторлармен кері байланысты  орнату маңыздылығын көтеріп,  Департамент тарапынан «WhatsApp» (8-775-869-21-21), 51-51-51 сенім телефондары мен memkyzmet.kz сайтында ашылған «Инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте сүйемелдеу» айдары жұмыс жасайтындығы айтылды. 
Тиісінше, инвесторлар қандай да бір кедергілерге немесе сыбайлас жемқорлық көріністеріне кездесіп жатса, жоғарыдағы байланыс құралдарына хабарлауға мүмкіншілігі бар екендігі жеткізілді.
Инвесторлар тарапынан жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар Департаменттің memkyzmet.kz сайтынан арнайы ашылған айдарында жарияланатын болады.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте сүйемелдеу мақсатында барлық мемлекеттік органдарда фронт офиспен тікелей жұмыс жасайтын мемлекеттік органның жауапты мамандары бекітіліп, олар бойынша толық ақпаратты қамтитын кітапшалар инвесторларға таратылатын болады.  
Айта кету керек, 2018 жылдың 15 маусым күні Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөнінде комиссиясының кеңейтілген отырысында облыс әкімі, барлық мемлекеттік органдардың басшылары мен аудан, қала әкімдеріне аталған жоба таныстырылған болатын.