Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!

Қысқаша

Ел болып еңсемізді көтергенімізге, тәуелсіздігімізді алып, шаршы әлемге танылғанымызға жиырма бес жылдан астам уақыт өтті.

12.jpgЕл болып еңсемізді көтергенімізге, тәуелсіздігімізді алып, шаршы әлемге танылғанымызға жиырма бес жылдан астам  уақыт өтті. Өткенімізге көз салсақ, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар мен іс-шаралар қабылданып, ел экономикасы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орынын айқындады. Бүкіл әлемге өзінің біртұтастығымен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әртүрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Ол жол – Президенетіміз Нұрсұлтан Әбішұлының бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы.
Қазығұрт аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің іс- жоспарына сәйкес Үшбұлақ ауылдық клубында жастарды адал жолмен жүруге, өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» атты дөңгелек үстел өтті.
Онда сала мамандары көпшілікті сыбайлас жемқорлықтан аулақ болуға шақырып, сыбайластықтың қоғамға зияндылығын түсіндірді.