«Ашық мемлекет» мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің кезекті жәрмеңкесі өтті

Қысқаша

​«Мемлекет пен қоғам біртұтас майдан құрып жемқорлыққа қарсы шығуы тиіс.

11.jpg«Мемлекет пен қоғам біртұтас майдан құрып жемқорлыққа қарсы шығуы тиіс. Жемқорлық – жай құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді сетінетеді және ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер болып табылады» – деп атап айтқан болатын Елбасы.
Сыбайлас жемқорлықпен күрестің басты бағыттарының бірі – оның алдын алу болып табылады. 
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің бастамасымен және Төлеби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Леңгір қаласында «Ашық мемлекет» атты тақырыпта мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің кезекті жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңкеде Төлеби ауданы әкімдігінің бөлімдері мен «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Төлеби аудандық бөлімінің мамандары өздерінің көрсететін қызметтеріне қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Алдын-ала әзірлеген баннерлерде қызмет алу рәсімдері бойынша, оның ішінде электронды қызмет түрлерін бір реттік құпия сөз және электронды цифрлы қолтаңба арқылы алу жолдары таныстырылды.
Айта кетейік, Төлеби ауданы әкімдігінің мамандары жыл басынан мың жарымнан аса адамдармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.