Терроризм мен экстремизм – елімізге төнген қауіп

Қысқаша

​Соңғы онжылдық ішінде діни ағымдар, олармен байланысы бар экстремистік құбылыстар туралы көп естиміз.

13.jpgСоңғы онжылдық ішінде діни ағымдар, олармен байланысы бар экстремистік құбылыстар туралы көп естиміз. Осы бағытта әр түрлі экстремистік және террористік ұйымдар пайда болып, жаһандық қауіпсіздік үшін үлкен қауіп төндіруде. Бұл мәселе бүкіл әлемге ортақ індет болғандықтан және ҚР ұлттық қауіпсіздігі мен ішкі саяси тұрақтылығы үшін күн тәртібіндегі өзекті мәселеге айналуда. 
Діни экстремизм – дін атын жамылған, мемлекеттік құрылымға күш колдану арқылы, мемлекеттік тұтастығына, егемендігіне нұқсан келтіретін, осы мақсатқа сәйкес діни қастандықты қоздыратын іс-әрекет. Ал, одан аулақ болу үшін керағар діни ағымдардан қоғамды сақтандыру қажет.  
Қазығұрт аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің іс-шара жоспарына Қызылқия ауылдық мәдениет үйінде «Терроризм мен экстремизм – елімізге төнген қауіп» атты іс- шара өтті. Онда сала мамандары терроризм мен экстремизм қоғамға алып келер қауіп қатерін түсіндіріп, көпшілікті жат діни ағымдардан абай болуға шақырды.