«Адал жол» эстафетасы Түлкібас ауданына табысталды

Қысқаша

​Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі.

10.jpgКез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады. Елбасы Н.Ә.Назарбаевта жыл сайынғы жолдауында жемқорлықпен күреске айрықша тоқталып, арнайы тапсырмалар береді. Сыбайлас жемқорлықты болдырмау мен алдын алу жолында елімізде көптеген игі істер мен іс-шаралар атқарылуда. 
ҚР Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен қолға алынған "Адал жол" сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонын Сайрам ауданы тиісті деңгейде өткізді. 
Аталған шара аясында ауданның барлық елді мекендерінде бекітілген кестеге сəйкес түрлі бағыттағы іс-шаралар өткізілді. 
Аудан орталығындағы мəдениет үйінде "Адал жол" марафонын қорытындылған сайрамдықтар, эстафетаны Түлкібас ауданына салтанатты түрде табыстады.