Қостанайда дәрігерлерге құрмет көрсетілді

Қысқаша

Елімізде маусым айының үшінші жексенбісі – медицина қызметкерлерінің күні ретінде аталып өтетіні белгілі. Осыған орай, Қостанай қаласындағы «Мирас» мәдениет сарайында салтанатты жиын болды. Аталмыш жиында медицина қызметкерлерін құттықтаған облыс әкімі Ар

1123.JPG

Әкім өңірдің денсаулық сақтау саласындағы жетістіктерді де атап өтті. Соңғы жылдары еліміздің медицина саласына мемлекет тарапынан айрықша көңіл бөлініп келеді. Ұлт саулығын нығайту мақсатында қолға алынған бағдарламалардың арқасында адамның өмір сүру сапасын арттыруға, соның ішінде туберкулез бен онкология сияқты әлеуметтік аурулардың санын азайтуға жағдай жасалды.

Сондай-ақ, «Денсаулық» бағдарламасы аясында да скринингтік зерттеулер жүргізу, ұлт саулығының көрсеткіштерін жақсартуға да барынша назар аударылуда.

Облыс әкімінің айтуынша, денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаржының да көлемі жыл сайын арта түсуде. Денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасына да ерекше көңіл бөлінуде. Биылдың өзінде 2 млрд 700 млн теңгеге жуық медициналық жабдықтар сатып алу жоспарланған.

Сонымен қатар, былтыр өңірге «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен келген 51 жас маманға 30 млн астам теңге бөлініпті.

Бүгінде Қостанай облысында 500-ден астам медициналық нысан халыққа қызмет көрсетеді. Денсаулық сақтау саласындағы ауқымды жұмысқа 15337 дәрігерлер мен мамандар жұмылдырылған. Сондықтан, осы салада еңбек етіп жүрген сіздердің адам өмірі мен денсаулығы үшін жасаған қызметтеріңізге бүгінгі мерекеде шынайы алғысымды білдіремін. Баршаңызды кәсіби мерекемен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбастарыңызға амандық, еңбекте табыс тілеймін», - деді облыс әкімі А.Мұхамбетов.

Жиын соңында денсаулық сақтау саласында аянбай тер төгіп, ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек етіп, халықтың жылы ықыласы мен алғысына бөленіп келе жатқан бір топ медицина қызметкерлері «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін», «ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгілерімен, сондай-ақ ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, облыс әкімінің құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.