Оңтүстік өңірдің мемлекеттік қызметшілері қайырымдылық шарасына қатысты

Қысқаша

Оңтүстікте мемлекеттік қызметшілер арасында қайырымдылық марафоны өтті. Марафон Елбасының «Спорт елдің мерейін асырып, абыройын тасытатын сала» қағидатына сай «Алға басу – Движение вперед» деген атаумен республика көлемінде бастау алды.

1.jpgОңтүстікте мемлекеттік қызметшілер арасында қайырымдылық марафоны өтті. Марафон Елбасының «Спорт елдің мерейін асырып, абыройын тасытатын сала» қағидатына сай «Алға басу – Движение вперед» деген атаумен республика көлемінде бастау алды. 
Аталған іс-шара Департамент және ОҚО әкімдігімен бірлесе отырып мемлекеттік қызмет органдарының құрылғанына 20 жыл толуына және 23-маусым мемлекеттік қызметшілер күніне орай ұйымдастырылды.
Марафон қатысушылары ерікті түрде ниет білдіріп, қайырымдылық жасауға ұмтылған болатын. Іс-шараның мақсаты - жинақталған қаражатты республикалық «ДОМ» қайырымдылық қорының «Балаларға өмір сыйла» қайырымдылық жобасы аясында ем қонбайтын сырқат балалардың емдеуге жұмсау. 
ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен болған қайырымдылық марафоны республикамыздың барлық өңірінде өз қолдауын тапқан болатын.
Бір стартпен, бір күнде, бір уақытта, барлық облыстық орталықтарда, Астана және Алматы қалаларында өткізілген марафон ережесі бойынша Оңтүстіктің 250-ден астам мемлекеттік қызметшілері Шымкент қаласының Дендросаябағы алдынан бастау алып, облыс әкімдігі ғимаратына дейін жүгіріп өтті.  
Жарыс қорытындысымен жеңімпаз қызметшілерге Департамент тарапынан арнайы дипломдар мен медальдар табыс етілді.