Жастар терроризм мен экстремизмге қарсы

Қысқаша

​Қазығұрт аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің іс-шара жоспарына Қызылқия ауылдық мәдениет үйінде «Терроризм мен экстремизм – елімізге төнген қауіп» атты іс- шара өтті.

Қазығұрт аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің іс-шара жоспарына Қызылқия ауылдық мәдениет үйінде «Терроризм мен экстремизм – елімізге төнген қауіп» атты іс- шара өтті. Оған төңіректегі ауылда тұратын, қоғамның белсенді мүшелері қатысты.
Терроризм мен экстремизм дүние жүзiнде қазiргi таңда дiн мәселесi өзектi тақырып болып тұр. Терiс пиғылды,  радикалды ағымдар мен секталардың құрбанына айналған қаншама жан бар. Ал, ол адамдар бiр отбасының мүшесi болып саналады. Қорытындысында бұндай жағдайға түскен жан отбасының күйреуiне себепшi болады. Сондықтан жастар арасында, жалпы қоғамда тұрақты түрде көптеген іс-шаралар өтуде.
Қазақстан Республикасында терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу, болдырмау үшін мемлекет тарапынан заңдық тұрғыдан негіз жасалынған. Құқық қорғау органдары жоғары деңгейде терроризм мен экстремизмнің барлық көріністерін енді бой көрсетпек болған кезінде тоқтатуға қауқарлы және солай істеп келеді де.
Кездесуге келген жастар болмысымен қоғамға жат көріністеріне қарсы екенін байқатты.