Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы Жолдауының «жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі» атты тоғызыншы міндетінде: «Құқық қорғау органдарының өкілеттігі мен жауапкершілік шегі айқындалды.
Азаматтардың конституциялық құқықтарына кепілдікті нығайту, құқық үстемдігін қамтамасыз ету, құқық қорғау қызметін ізгілендіру жұмыстарын жалғастыру қажет» деп айтылған болатын.
Мұнда Елбасы ізгілендіру жұмыстарын жалғастыруға ерекше мән берген. Әрбір мемлекеттік қызметші азаматтарға ізгі қызмет көрсетуі тиіс.
Жақында Елбасы Жолдауына орай, Арыс қаласы әкімінің кеңесшісі, жергілікті атқарушы органдарының әдеп жөніндегі уәкілі Е.Маханов ауылдық округ әкімдері аппаратының қызметкерлерімен семинар кездесу өткізді.
Мәжілісте Әдеп стандарттарының сақталуы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, телефонмен сөйлесу және мемлекеттік қызмет көліктерін пайдалану жөнінде айтылды. Әсңресе, сыбайлас жемқорлық мәселесінде заңбұзушылыққа жол бергендерге ешқандай кешірім болмайтынын, сондықтан да адал қызмет істеу керектігі нығарлап айтылды.
Мәжілістен соң жеке қабылдау өткізіліп, кейбір мәселелер бойынша жауаптар берілді. Ал, мерзімі қажет етілетін өзекті мәселелердің орындалуы қатаң бақылауға алынды.