Сандық технология ел ішіне дендеп енуде

Қысқаша

​Сыбайлас жемқорлықты болдырмауда – «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы ерекше рөл атқарады.

Сыбайлас жемқорлықты болдырмауда – «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы ерекше рөл атқарады. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында мемлекетті цифрландыру арқылы қаржы көздерін бақылауды, бақылау арқылы сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қойылатыны жөнінде нақты міндеттерді жүктеген болатын.
Осыған орай, қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан облысы көлемінде тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыру үшін кешенді шаралар қабылданды.
Қабылданған шараларға сәйкес Созақ ауданында тұрғыдардың цифрлық сауаттылығын арттыру бойынша 5 маусым мен 15 маусым аралығында 700 адамды оқыту үшін арнайы курстар өткізу жоспарға қойылды. Курстар білім беру мекемелерінің информатика кабинеттерінде өткізіледі.
Аталған жоспар негізінде аудан көлеміндегі цифрлық сауаттылықты арттыруға жауапты информатика пәнінің мұғалімдерін оқыту және қажетті ақпараттарды таныстыру мақсатында Созақ ауданы әкімі аппаратында ХҚКО мамандары және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» орталығының мамандары қатысып, E-GOV, OPEN-GOV және Е-коммерция дағдылары бойынша дәріс өтті. Дәріс барысында жиналған қауымға сыбайлас жемқорлықпен күресте сандық технологияларды қалай ұтымды пайдалануға болатыны жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.