Оқу орнындағы діни әдебиеттерге шолу жасады

Қысқаша

Мемлекет басшысы республикада діни тұрақтылық сақталуы керектігін жиі еске салады.

Мемлекет басшысы республикада діни тұрақтылық сақталуы керектігін жиі еске салады. Діни тұрақтылық – болашаққа деген сенім. Бүгінгі технология заманында дінді дәстүрмен ұштастыра білген абзал. Яғни, бұрыннан дәстүрді берік ұстанып келген ата-бабаларымызға дін тақырыбы алыс емес. Дәстүрді өмірлік ұстанымдарына айналдырған бабаларымыз дін төңірегінде фанат болып, келеңсіз іс-әрекеттерге бармаған.

Осыған орай, Дәстүрлі дін атын жамылып, ел ішіне іріткі салушылардан алдын алу және діни радикализм мен экстремизмнің енуі мен тарауына жол бермеу мақсатында ОҚО дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» Түркістан қаласындағы теолог маманы Н.Әмзеев және Түркістан қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөліміне қарасты «Жастар ресурстық орталығының» теолог-маманы І.Нағызхан Түркістан гуманитарлық-техникалық және «Тұран» колледжінің кітапханаларындағы діни әдебиеттермен танысты.

Кітапхана қызметкерлерінің жұмысымен танысып, кітапханадағы діни әдебиеттерге саралау жүргізді.

Айта кетейік, діни экстремизм және терроризммен күрес яки оның алдын-алу мемлекет келешегі үшін аса маңызды. Осыған орай, өңірде түсіндіру жұмыстары жиі жүргізіліп тұратын болады.