«Сыбайлас жемқорлық жоқ ел – өркендеуші ел»

Қысқаша

​Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы Жолдауында:
«Жемқорлықтың алдын алуға бағытталған күрес жалғаса береді.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы Жолдауында: 
«Жемқорлықтың алдын алуға бағытталған күрес жалғаса береді.
Көп жұмыс істеліп жатыр.
Соңғы 3 жылда ғана жоғары лауазымды шенеуніктер мен мемлекеттік компаниялардың басшыларын қоса алғанда, жемқорлық үшін 2,5 мыңнан астам адам сотталды.
Осы уақыт ішінде олардың 17 миллиард теңге көлемінде келтірген залалы өтелді» деп айтқан болатын. 
Елбасы Жолдауына орай, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының міндеті. Сондықтан, жемқорлықпен қоғам болып күресу қажет. Осы мақсатта «Нұр Отан» партиясы Түркістан қалалық филиалының мәжіліс залында  семинар тренинг өтті.
 Түркістан қалалық филиал үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе отырып ұйымдастырған жиынға сыбайлас жемқорлықпен қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелері, мекеме басшылар, мемлекеттік қызметкерлер, үкіметтік емес ұйымдардың, БАҚ өкілдері қатысты.
Семинар барысында қалалық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Темірбаев сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен болдырмау мақсатында жүзеге асып жатқан жұмыстарды талқылап, алдағы жұмыс жоспарын саралады