Әлеуметтік желідегі діни ағымдардан сақтану жолдары түсіндірілді

Қысқаша

​Әлеуметтік желіде немесе көшеде діни теріс ағымды ұстанушылармен танысудың ақыры – адасушылыққа апарып соғатыны белгілі. Сондықтан, көпшілік мемлекеттік сараптамадан өткен кітап, журналдарды ғана пайдалану керек.

Әлеуметтік желіде немесе көшеде діни теріс ағымды ұстанушылармен танысудың ақыры – адасушылыққа апарып соғатыны белгілі. Сондықтан, көпшілік мемлекеттік сараптамадан өткен кітап, журналдарды ғана пайдалану керек. Бұл тұрғыда да Елбасымыз Жолдауында: «Діни экстремизмді насихаттаудың алдын алу, әсіресе интернет пен әлеуметтік желіде оның жолын кесу жұмысын жүргізу керек.      Қоғамда, әсіресе, діни қарым-қатынас саласындағы радикалды көзқарасқа байланысты кез келген әрекетке «мүлде төзбеушілікті» қалыптастыруы керек»  - деп атап өткен болатын.
Сайрам ауданының Ақбұлақ ауыл округінде "Дәстүрлі емес діни ағымдар" және "Әлеуметтік желідегі діни ағымдардан сақтанайық" атты тағырыпта тұрғындармен кездесу болып өтті. Кездесуде Сайрам аудандық телог маманы А.Тажибаев жастарды жиынның мақсатымен таныстырды. Ислам дініңдегі деструктивті діни ағымдардың сақтану жолдары, ағымды ұстанушылардың мінез- құлығы, ұстанған қағидалары туралы жастарға жан-жақты түсіндірді. 
Кездесуге қатысушылар дін мамандарына өздерін мазалап жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды.